Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Ирандағы жағдайдың күрделенуіне және оның еліміздегі тұрақтылыққа ықтимал әсеріне байланысты жедел іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл жұмысқа күштік құрылымдар мен тиісті министрліктердің басшылары тартылуы тиіс.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық күштік органдар күшейтілген, тәулік бойғы жұмыс режиміне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі үйлестіретін арнайы мониторинг тобы құрылып, іске кірісті.
Сондай-ақ өңір әкімдеріне Таяу Шығыстағы ахуалды ескере отырып, тиісті шешімдер қабылдау және жағдайды бақылауда ұстау тапсырылды.