Тоқаев Шұғыла Өмірбекті тарихи жеңісімен құттықтады

25.10.2025

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Президенттің құттықтау сөзін 2025 жылы 25 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі жариялады:

"Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр. Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!".

Айта кетсек, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Шұғыла финалда Түркия елінің өкілі Туба Демирмен алтын жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде қазақстандық балуан 12:8 есебімен басым түсті. Бұл спорт түрінен бұған дейін Қазақстан спортшыларының бір де бірі финалға да жете алмағанын баса айта кетелік.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтаған болатын. Қазақстан бүгін еліміздегі жалғыз ұлттық мереке - Республика күнін тойлауда.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью