Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент хатта ҚХР Төрағасының Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өткен.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының қазіргі "алтын отызжылдық" кезеңінде екіжақты ынтымақтастық жоғары қарқынын сақтай отырып, одан әрі нығая түсетініне және ықпалдастықтың жаңа бағыттарын қамтитынына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу