Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономды ауданында болған жойқын селдің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы жақындарынан айырылған азаматтардың қайғысына ортақтасып, із-түзсіз жоғалған жандардың тез арада отбасына оралуына тілектестігін білдірді.
Непал мен Тибет шекарасында жойқын су тасқыны болды.
Табиғат апатынан қөз жұмғандардың саны 300-ден асып, мыңнан астам адам із-түссіз жоғалғандар есебінде тұр.