Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Құжат Қазақстан бойынша турларды сатып алған кезде балаларға арналған ішкі әуе рейстерінің билет құнын субсидиялауды қарастырады.
Бұған дейін депутат Никита Шаталов заң жобасы уәкілетті органға қосымша қолдау шараларын белгілеу құқығын беретінін айтқан. Атап айтқанда, мемлекет ел ішінде ұшатын кәмелетке толмаған жолаушылардың әуе билеттері құнын субсидиялайтын туристік пакеттер туралы сөз болып отыр.
Сонымен қатар Қазақстанға келген әрбір шетелдік турист үшін кіру туризмімен айналысатын туроператорлардың шығынын субсидиялау қарастырылған. Депутаттың айтуынша, мұндай қолдау нақты нәтиже мен экономикалық тиімділікке бағытталады.
Бұдан бөлек, заңмен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің мәртебесі қосымша білім беру ұйымдары ретінде бекітіледі. Олар үшін мемлекеттік тапсырыс, жан басына шаққандағы қаржыландыру және оны бөлудің бірыңғай ережесі енгізіледі. Сонымен қатар деректерді есепке алу және мониторинг жүргізу үшін дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасын құру жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!