Тоқаев Таиланд премьерін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

17.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайдағы жұмыс сапары аясында Таиланд премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесті.
Мемлекет басшысы Қазақстан Таиландты Азиядағы басты серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Президент екі елдің экономикалық ықпалдастығының келешегін жоғары бағалады. Биыл төрт айда тауар айналымы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 76 пайызға ұлғайып, 110 миллион доллардан асқан.

"Тоқаевтың пікірінше, аталған көрсеткішті әлі де арттыра түсуге болады. Әсіресе, сауда-саттық көлемін аграрлық өнімдерді жеткізу есебінен ұлғайтуға мол мүмкіндік бар. Президент кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында екі ел үкіметтері арасындағы байланысты жандандыруды ұсынды", - дейді президенттің баспасөз қызметі.

Ынтымақтастықты жандандыратын саланың бірі – туризм. Таиланд Қазақстан азаматтары үшін ең танымал бағыттардың қатарына кіреді. Өткен жылдың өзінде бұл елге 150 мыңнан аса отандасымыз барған.
Президент Қазақстан да Таиланд азаматтарына демалыстың бірегей мүмкіндіктерін, соның ішінде қысқы туризм қызметін ұсына алатынын жеткізді.

Анутин Чарнвиракул елінің өзара мүддеге сай көптеген мәселе бойынша ықпалдастықты арттыруға ниетті екенін мәлімдеді. ️Оның айтуынша, Бангкок экономика, сауда, цифрландыру және туризм салаларындағы әріптестікке тың серпін беру қажет деп санайды.
Кездесу соңында Тоқаев Тайланд премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью