Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады

19.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті, деп хабарлады Ақорда.

Президент ұйымға мүше мемлекеттердің сот және құқық қорғау саласындағы ықпалдастығы күшейіп келе жатқанын айтты.

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаОсы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек

Осы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана

"Ертең Түркістан төрінде өтетін алқалы жиын соның айқын көрінісі болмақ. Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор. Сондықтан жоғарғы соттар арасындағы өзара тығыз байланысты тереңдету бауырлас елдеріміздің ортақ мүддесіне толық сай келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазір көптеген елдер жаһандық технологиялық өзгерістер көшінен қалып қоймау үшін заман талабына қарай қарқынды даму жолына түсіп жатқанына назар аударды.

"Осы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек. Ертең Түркістанда өтетін конференцияда сот саласын цифрландыру мәселесі жан-жақты талқыға түседі. Сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау және басқа да маңызды мәселелер қаралады. Мұндай күн тәртібі өте орынды және өзекті деп айтуға болады", – деді мемлекет басшысы.

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаОсы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек

Осы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдердің өкілдеріне соңғы жылдары мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жөнінде мәлімет беріп, 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Ата заңы күшіне енетінін айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы сот және құқық қорғау саласын реформалау бойынша атқарылған ауқымды жұмысқа тоқталды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью