Тоқаев Түркияға сапарын аяқтады: сапардың басты оқиғалары

30.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына сапары аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Анкара әуежайында түсірілген суреттерді жариялады.

30 қазанда Мемлекет басшысын Түркия сауда министрі Омер Болат және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІНІҢ жарияланым (@ptrk.kz)


Еске сала кетейік, 28 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады

Сол күні екі елдің президенттері әуежай залында аз-кем әңгімелесті.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Тоқаевтың Түркияға сапары аяқталды: Астана мен Анкара не туралы келісті?

Сапар барысында Қазақстан Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер жүргізіп, Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитіне қатысты. Назар аударылған негізгі мәселелер - сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестициялар, көлік, энергетика және түркі бірлестігі аясындағы өзара іс-қимыл.

Шығын құрамдағы келіссөздер барысында Тоқаев пен Ердоған екіжақты қарым-қатынастардың мәңгілік достық пен кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Екі ел басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Тоқаев Түркияны Қазақстанның ең ірі бес сауда серіктесінің бірі және алғашқы он ірі инвесторы қатарында екенін айтты.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Ердоған елдер арасындағы тауар айналымын 15 миллиард долларға дейін жеткізуге және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін мәлімдеді. Сондай-ақ тараптар көлік және логистика, энергетика, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы және қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы ықпалдастықты талқылады.

Қазақстан ТМҰ аясында не ұсынды?

Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитінде Тоқаев экономикалық ынтымақтастықты бірлестіктің басты басымдықтарының бірі ретінде атап өтті. Оның мәліметінше, Қазақстанның ТМҰ-ға мүше елдермен тауар айналымы биыл 10 миллиард долларға жуықтап, былтырмен салыстырғанда 40 пайызға артқан.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент ұйымның 2027–2031 жылдарға арналған стратегиясын қабылдауды жеделдетуге және оны нақты бірлескен жобаларға бағыттауға шақырды. Ұсыныстар қатарында Түркі инвестициялық қоры мен Түркі сауда-өнеркәсіп палатасы мүмкіндіктерін белсенді пайдалану, сондай-ақ 2027 жылы Қазақстанда іскерлік форум өткізу бар.

Тоқаев көлік саласына жеке тоқталды. Ол Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызын атап өтті: тоғыз айдың ішінде Орта дәліз арқылы жүк тасымалының көлемі 30 пайызға, ал транзиттік тасымал 90 пайызға өскен.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

ТМҰ-ның болашағына қатысты ұстаным

Саммитте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұйымды одан әрі дамытуға қатысты ұстанымын да білдірді. Ол ТМҰ әскери альянсқа айналмауы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, елдер ынтымақтастықты нығайтуға және бірлестік институттарын дамытуға назар аударуы қажет.

“ТМҰ әскери альянсқа айналмауға тиіс“: Тоқаев Қазақстанның ұстанымын айтты

Президент ТМҰ қызметі қазірдің өзінде 60-қа жуық бағытты қамтитынын, бұл ретте кейбір функциялар қайталанатынын айтты. Ол негізгі басымдықтарды айқындап, ұйым жанынан Тұрақты өкілдер кеңесін құруды ұсынды.

Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға да тоқталып, оның халықаралық сауда және көлік бағыттарына әсерін ескеруге шақырды. Ол бірлестікке мүше барлық елдің егемендігі мен ұлттық мүдделерін құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.

Президент Сауд Арабиясына жасалған хуситтердің шабуылына қатысты пікір білдірді

Саммит қорытындысы бойынша Анкара декларациясы қабылданды. ТМҰ-ға төрағалық ету Әзербайжаннан Түркияға өтті.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Сапар бағдарламасы аясында Президент Тоқаев басқа да көшбасшылармен бірге Анкарадағы "Бештепе" саябағында Түркі әлемі аллеясын ашты.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Аталған алаңда Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның ұлттық павильондары ұйымдастырылды.

Экспозицияларда бауырлас халықтардың бірлігі мен ынтымағы, олардың сан алуан мәдениеті мен бай рухани дәстүрлері көрініс тапқан. Атап айтқанда, қазақ киіз үйі Ұлы дала рухы мен түркі әлемінің ортақ тарихи тамырын бейнелейді.

Кейін делегация басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады, онда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Aqorda (@akordapress) жариялаған жазба

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью