Тоқаев Үкіметке үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруды тапсырды

10.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік саланы цифрландыру мәселесі де өте маңызды екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, былтыр республикалық бюджеттің 40 пайызға жуығы осы салаға бөлінген.

«Бірақ бұл қаражат қаншалықты тиімді жұмсалды деген орынды сұрақ туындайды. Сондықтан Үкімет үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруға тиіс. Сонда әлеуметтік көмек те шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға беріледі.
Қаржылай төлемақыдан бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмек, баспана немесе білім алуға берілетін ваучерлерге дейінгі қолдаудың барлық түрі банк және төлем инфрақұрылымымен тығыз байланысқан «Әлеуметтік әмиян» арқылы берілуге тиіс. Үкімет әкімдіктермен бірге осы тәжірибені барлық жерде кеңінен қолдануы керек. Сондай-ақ бұл тәсілді жыл соңына дейін тездетіп іске қосуы қажет», деді Президент.

Тоқаев: Жаңа Ата заңда Әділетті Қазақстан және Заң мен Тәртіп сияқты негізгі қағидаттар нақты көрсетілген

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметтің отандық Aitu мессенджеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмей отырғанын сынға алды. 

«Менің байқауымша, Үкімет отандық Aitu мессенджеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмей отыр. Тіпті оны мемлекеттік қызметкерлер де пайдаланбайды. EGov AI деп аталатын әмбебап жасанды интеллект-көмекшісін (ассистентін) әзірлеу керек. Барлық азаматқа қолжетімді болатын осы жүйе біртіндеп Халыққа қызмет көрсету орталықтарының орнын басады. Әлеуметтік қолдау шараларын басқаратын инфрақұрылымды, яғни Бірыңғай цифрлық әлеуметтік қорғау платформасын нақты айқындап алу қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев: Дүние жүзіндегі экономикалық ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті

Еске салайық, Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Президент: Ата заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады

Президент • Бүгін, 12:00

Мемлекет басшысы: Инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет

Президент • Бүгін, 11:46

Президент: Қолданыстағы Конституцияның тарихи маңызын жоққа шығаруға болмайды

Президент • Бүгін, 11:43

Үкімет ірі жер иеленушілерге қандай талап қойды?

Үкімет • Бүгін, 11:42

Тоқаев: Жаңа Ата заңда Әділетті Қазақстан және Заң мен Тәртіп сияқты негізгі қағидаттар нақты көрсетілген

Ата заң • Бүгін, 11:39

«Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт»: Президент еліміз үшін маңызды қағидатты атады

Президент • Бүгін, 11:35

Тоқаев: Адвокаттардың ұсынысымен Ата заң жобасына адвокатура туралы жеке бап қосылды

Президент • Бүгін, 11:32

Президент: Конституциялық комиссияның жұмысы барынша ашық жүргізілді

Президент • Бүгін, 11:30

Олжас Бектенов: Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек» қағидатын қатаң ұстанады

Экономика • Бүгін, 11:27

Қазақстанда бір жылда 847 млн текше метр су үнемделді

Үкімет • Бүгін, 11:20

Геологиялық барлау жұмыстарына 500 млн доллар инвестиция салынады

Үкімет • Бүгін, 11:19

Ел экономикасына 58 млрд доллардан астам қаржы тартылды

Инвестиция • Бүгін, 11:18

40 пайыздық меже: Үкімет халықтың нақты табысын қалай өсірмек?

Қоғам • Бүгін, 11:11

Елімізде 11 мың шақырым автомобиль жолы жаңғыртылады

Қазақстан • Бүгін, 11:02

Қазақстан 2035 жылға дейін 26 ГВт жаңа қуат көзін енгізеді

Үкімет • Бүгін, 11:00

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью