Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады

27.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью