Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлады Ақорда.
"26-27 қараша күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барады", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов мемлекет басшысына ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндаған болатын.