Тоқаев Вьетнам президентін құттықтады

02.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының президенті То Лам мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент бұл мерекені Вьетнам халқының бірлігі мен жасампаз рухының, сондай-ақ елдің тұрақты дамуы мен өркендеу жолындағы ұмтылысының жарқын нышаны ретінде атап өткен.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью