Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент пен Президент Әкімшілігіне міндет қойды. Ол бұл туралы Қазақстан Халық кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Халық кеңесінің мүшелеріне, үкімет мүшелеріне және Құрылтай депутаттарына арналған сөзінде Президент олардың алданда биік мақсаттар мен нақты жоспарлар тұрғанын айтты.
"Оның бәрін табысты жүзеге асыру үшін бірлігімізді бекемдеп, белсенді, табанды жұмыс жүргізуіміз керек", - деді Президент.
Президенттің айтуынша, Халық арасында Конституцияны түсіндіру, дәріптеу ісі бұл – өте жауапты жұмыс, оған үстірт қарауға болмайды. Осы саяси жұмысқа ілімі терең, тәжірибесі мол адамдарды шақыру керек, яғни заңгерлер, ғалымдар, мұғалімдер, еріктілер, кәсіпкерлер, ардагерлер мен мемлекет қайраткерлерін тарту керек болады.
"Ал Президент Әкімшілігінің міндеті – бұл жұмыстың кешенді және жүйелі тұғырын қалыптастыру. Аталған міндетті жүзеге асыруды вице-президент Ерлан Тынымбайұлы Қаринге тапсырамын. Жұмыстың барысы туралы екі аптада бір рет Президентке тіке баяндайды. Енді алдымызда тұрған нақты міндеттерге тоқталып өтейін".
Халықтың ой-пікірін, талап-тілегін ескеру: Президент Халық кеңесі мүшелеріне бағыт-бағдар берді
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Халық кеңесі Құрылтайдың баламасы емес екенін атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу