Тоқаев вице президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды

31.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының қарауына вице-президенттің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа Конституция бойынша енгізілген жаңа лауазымға Ерлан Карин ұсынылып отыр.

141 депутат Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдап дауыс берсе, 4-еуі қалыс қалды.

Вице-президент не істейді

Бұрын президент өз міндетін атқара алмаса, оның функциялары сенат төрағасына өтетін еді. Жаңа Конституция бойынша сенат пен мәжіліс таратылды. Оның орнына Құрылтай келеді. Ал вице-президент автоматты түрде мемлекет басшысының міндетін атқарушы болады деп белгіленген.

Вице-президентті Құрылтайдың келісімімен президент тағайындайды. Оған партия мүшелігінде немесе басқа қызметте тұруға тыйым салынады.

Қазақстанның вице-президенті мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік етеді, сондай-ақ президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ерлан Қарин туралы не білеміз

1976 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған.

1996 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін "Тарих және география" мамандығы бойынша бітірді. "Тарих және география пәнінің мұғалімі" біліктілігі берілді.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді.

Саяси ғылымдарының кандидаты.

1996 жылдан бастап – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі.

1998 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары.

2000 жылғы шілдеден бастап – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2002 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі.

2003 жылдан бастап – Республикалық "Асар" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясат халықаралық институтының бас директоры.

2004 жылғы маусымнан бастап – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы.

2006 жылғы мамырдан бастап – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2008 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2008 жылғы қарашадан бастап – "Нұр Отан" партиясының стратегиялық даму бойынша хатшысы.

2013 жылғы желтоқсаннан бастап – Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің арнайы шақырылған профессоры.

2014 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2017 жылғы ақпаннан бастап – "Қазақстан" РТРК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

2019 жылғы сәуірден – 2020 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2020 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2022 жылғы 5 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2022 жылғы 14 маусымынан бастап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

2026 жылғы 30 маусымда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью