Тоқаев Жапония премьер министріне көңіл айтты

07.02.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты.

"Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта.

Жапнияда 20 қаңтардан бері табиғи апат салдарынан 585 адам әртүрлі ауырлықтағы жарақат алды. Оның 187-сі ауыр жарақат алған деп танылды. Қырық бес адам көз жұмды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью