Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Әйгілі француз актрисасы Брижит Бардо 91 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бордо жас кезінде балетпен айналысқан. Кино саласындағы мансабын 1952 жылы бастады. Ал төрт жылдан кейін "Сосын Құдай әйелді жаратқан" атты фильммен әлемге танылды.
20 жылдың ішінде Бордо 48 фильмге түскен. Бұдан бөлек, көптеген музыкалық бағдарламаларға қатысты, шамамен 80 әннің орындаушысы да болған.
1973 жылы кинодағы мансабын аяқтағаннан кейін жануарларды қорғаумен айналыса бастады. Осы мақстатта өзінің қоғамдық қорын құрған.
2019 жылы Бордо Қазақстан президенті Тоқаевқа ашық хат да жолдаған болатын. Онда үй жануарларының жағдайына алаңдаушылық танытып, қаңғыбас иттерді атуға қатысты заң нормасын алып тастауды сұраған.