Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігін дамытуда өңіраралық ықпалдастықтың маңызды рөл атқаратыны айтылды.
© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады
Тоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады
© Пресс-служба президента Казахстана
"Тоқаев Ленинград облысының өнеркәсіп және көлік-логистика салаларындағы айтарлықтай әлеуетіне тоқталып, Қазақстан аталған аймақпен тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтуге дайын екенін растады. Оның айтуынша, Ленинград облысымен сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 400 миллион доллардан асқан", - делінген хабарламада.
Александр Дрозденко қонақжайлық танытқаны үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізді.
Губернатор Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград үшін шайқасқан қазақстандықтардың батырлығы мен қаһармандығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар олардың ерлігі туралы естеліктер көздің қарашығындай сақталатынына назар аударды.
© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Александр Дрозденконы II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
Тоқаев Александр Дрозденконы II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
© Пресс-служба президента Казахстана
Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Александр Дрозденконы II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.