Тоқаевқа жасанды интеллект саласындағы жаңа жобалар таныстырылды

01.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне барды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысына Qazaq AI Research University базасында жасалған AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan, ALFA жобалары, Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

"Бұдан бөлек, көрме қонақтары "Самұрық-Қазына" қоры мен Higgsfieldai компаниясының интеллектуалдық шешімдерімен және "Деректерді өңдеу орталығы алқабын" дамыту жоспарымен танысты", - деп жазылған хабарламада.

Ұсынылған әзірлемелер жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік басқарудың түрлі саласына енгізуді, отандық цифрлық инфрақұрылымды қолдауды және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуды көздейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью