Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, үкіметтің және Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.
Мемлекет басшысының жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.