Тоқаевтың сапары: Қазақстанда тағы бірқатар қытай көліктері шығарылады

21.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев президенттің Шанхайға жасаған сапарынан қолға алынатын жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазіргі кезде Қазақстанда жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк және арнайы техника шығаратын 11 кәсіпорын жұмыс істейді. Былтыр KIA Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan сияқты екі ірі зауыт ашылған болатын. Ал Тоқаевтың Қытайға жасаған сапары кезінде автомобиль жасау саласында бірқатар маңызды келісімге қол қойылды.

"Атап айтқанда, Li Auto, OMODA және JAECOO маркалы автомобильдер өндірісін, SITRAK пилотсыз жүк тартқыштарды шығаруды және BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты зарядтау стансалары желісін дамыту көзделіп отыр", — деді Нағаспаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ресми мәліметке сәйкес, былтыр Қазақстанда 171 мыңнан астам автокөлік шығарылған. Биыл алты айда 94 400 көлік шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артық. Биылғы жоспар – өндіріс көлемін 11%-ға арттырып, 190 мың көлік шығару.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью