Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған жаңа университетке қанша студент қабылданады

18.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек президент тапсырмасымен ашылған жаңа университетке қанша студент қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа оқу жылында Астанадағы Қазақ зерттеу жасанды интеллект университеті студенттерді оқытуды бастайды.

"Шамаман 600 білім алушы қабылданады. Бакалавариатта 400 студент, оның 308-і мемлекеттік грант иегері. Магистратура бағдарламасына 100 адам Астана Хаб, Алагеум гранттарына және ақылы оқуға қабылданады", - деді Нұрбек үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бұдан бөлек, "Самұрық-Қазына" өзінің 100 қызметкерін MBA AI+X бағдарламасы бойынша оқытады.

Айта кетері, Қазақ жасанды интеллект зерттеу университеті (Qazaq AI Research University / QAIRU) EXPO көрме кешенінің аумағында орналасқан.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью