Тоқаевтың жылқысы түсірілген таңғажайып видеоны белгілі блогер жариялады

09.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым Мемлекет басшысының атқорасындағы Ақжан атты сәйгүлік түскен әсерлі видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Instagram желісінде пайда болған ролик 500 мыңнан аса қаралым мен мыңдаған тамсанған пікір жинап үлгерген. Желі қолданушылары ақалтеке тұқымды Ақжанның сұлулығына тәнті болған. Дастан Мұхамедрахымнің жазуынша, оған Ақжанды қазақ даласында алғаш болып видеоға түсіруге мүмкіндік берілген.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Dastan Mukhamedrakhim (@bydastann) жарияланымы

Бұған дейін Ақжанның сұлулығы туралы шетелдік журналдар жазған болатын. БАҚ өкілдері бұл тұлпарды Астананың мәдени символы деп те атаған.

Еске салайық, мамырдың басында Мемлекет басшысы өз жылқыларының суретін жариялаған еді. Желі қолданушыларының назарын әсіресе сирек кездесетін түсті Ақжан аударды. Мамандардың айтуынша, мұндай түс ақалтеке тұқымының шамамен 3 пайызында ғана кездеседі. Жылқыға Ақжан деген атты Қасым-Жомарт Тоқаев қойған. Қазақ тіліндегі бұл атау "ақ көңіл, таза жан" деген мағына береді. Мамандар Ақжанның алғырлығын да ерекше атап өтеді.

Ақалтеке - адам қолымен өсіріліп келе жатқан ең көне жылқы тұқымдарының бірі. Ол араб жылқысы, таза қанды мініс жылқысы секілді көптеген тұқымның қалыптасуына ықпал еткен. Ақалтеке араб жылқысымен қатар таза қанды тұқымдардың қатарына жатады. Ол бес мың жыл бойы өзге тұқымдармен будандастырылмай өсірілген және мініс жылқысының эталоны саналады.

Мамандар ақалтеке жылқыларының денесі сымбатты, артық майы болмайтынын, аса төзімді әрі мініске қолайлы келетінін айтады. Бұл тұқым мінезге де сезімтал: дөрекілік пен немқұрайлықты басқа жылқыларға қарағанда ауыр қабылдайды. Сондықтан ақалтекеге ерекше күтім мен дұрыс қарым-қатынас қажет. Желі қолданушылары олардың жүрісі мен желісі де өзгеше екенін жиі айтады: қозғалғанда аяғы жерге тимей, қалықтап бара жатқандай әсер қалдырады.

Анықтама: Дастан Мұхамедрахым Қазақстан табиғатының көркін танытатын видеолары арқылы көпшілікке танылды. Қазір оның 2 миллионға жуық оқырманы бар. 2026 жылы ол әлемдегі үздік тревел-блогерлердің бірі атанды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью