Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әлеуметтік желіде Торайғыр көлінің қысқы көрінісі туралы бейнежазбалар тарап жатыр.
Адамдар табиғаттың әсем қойнауындағы көл үстінде коньки теуіп, алған әсерлерімен бөлісті.
pavon.kz Баянауылдағы Торайғыр көлі қысқы серуенді ұнататындар үшін ашық аспан астындағы мұз айдыны ретінде таптырмас орынға айналды.
Су бетіндегі мұз біркелкі қатқаны соншалық, оған барып коньки тебуден ләззат алғандар өздерінің әсерлері туралы әлеуметтік желіде жарыса жариялап жатыр.
Мұндағы мұз өте берік әрі мөлдір. Торайғыр көлі – Жасыбай демалыс аймағына жақын жерде, әйгілі ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кесенесі жаны
Жазда көл суы биік құзды шыңдардың түбінен толқындана жарыса шығып, жағаға соғылады. Түстік жиегінде үшкір басты биік шың Найзатас тұр.
Ақтар қазаққа қысымшылық көрсеткен таршылық заманда бұл шыңның қатпар тастары арасына Сәкен Сейфуллин жасырынып, аман қалған.