Төрт адам қаза болды: Маңғыстауда жол апатына кінәлі жүргізуші сотталды

14.07.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АЛМАТЫ, 14 шілде - Sputnik. Маңғыстау облысында төрт адам қаза болған жол апатына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.
Оқиға биыл маусымда болған. Сотталушы Toyota Camry автокөлігін басқарып келе жатып, Ақтау – Бейнеу автожолының 424/362 шақырымында жол ережесін бұзған. Ол көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізген. Салдарынан өзі бағыттас келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөлікте болған төрт жолаушы алған ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - дейді сот.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді, қаза болғандардың туыстарынан кешірім сұрады. Ал жәбірленушілер сотталушыға қояр талап-тілектерінің жоқ екенін, оны кешіргендерін айтып, оған жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Жазасын жеңілдеткен жәйт: кінәсін мойындауы, шын ниетпен өкінуі, ІІ топтағы мүгедектігі, сондай-ақ жәбірленушілер тарапынан материалдық және моральдық талаптардың қойылмағаны.

"Сот үкімімен сотталушы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды", - дейді Маңғыстау облысының соты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью