Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП 10 тізіміне енді

24.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет бірден төрт спортшы әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді. Бұл – отандық теннис мектебінің тұрақты дамуы мен спортты жүйелі түрде қолдаудың нақты нәтижесі, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 3-орында тұрақты түрде келе жатыр. Ол биылғы маусымды сәтті бастап, Australian Open турнирінде топ жарды. Финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, жоғары деңгейдегі тұрақты ойынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ерлер арасындағы ATP рейтингінде Александр Бублик 10-сатыға көтеріліп, заманауи теннистегі ең жарқын әрі креативті ойыншылардың бірі екенін дәлелдеді.

Теннисші Александр Бублик баланың тұсауын кесті

Жұптық сында Анна Данилина айрықша табысқа жетіп, WTA Doubles рейтингінде 6-орынға көтерілді. Бұл –спортшының мансабындағы рекордтық көрсеткіш. Ол маусымды Qatar Open (Доха, Қатар) турниріндегі жеңіспен бастаған.

Жасөспірімдер арасында Занғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінің үздік ондығына еніп, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Бұл нәтижелер біздің теннисшілердің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігі артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, еліміздегі теннис жүйесінің тиімділігі мен кешенді жұмысының нақты жемісі екенін дәлелдейді.

Еліміздің үздік теннисшісі Australian Open турнирінде қанша табыс тапты?

Соңғы жаңалықтар

Әуе отынының импорты салықтан босатыла ма?

Қоғам • Бүгін, 09:48

Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды

Қоғам • Бүгін, 09:34

Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді

Экология • Бүгін, 09:20

Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:10

Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?

Құрылыс • Бүгін, 09:00

«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»

Сұхбат • Бүгін, 08:55

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ұлттық қордың балаларға шарапаты

Қоғам • Бүгін, 08:40

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Білім саласына сұраныс жоғары

Еңбек • Бүгін, 08:35

Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады

Саясат • Бүгін, 08:33

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью