Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Танымал фудблогер Альберт (Albert CanCook) төрт жыл бойы "Бешбармақ" деп жалғыз сөз жазып келген қазақстандық Семен Нимен ақыры Алматыда кездесті. Олар ұлттық тағамнан бірге дәм татты, деп хабарлайды Tengri Travel.
Көптен күткен кездесудің видеосы
Альберт Instagram-да Семенмен кездесу сәтінен видео жариялады. Олар әйгілі тағамды бірге жеп көрді. Бірнеше сағат ішінде видео 500 мыңнан астам қаралым жинап, Қазақстан мен өзге елдердің қолданушылары мыңнан астам пікір қалдырды.
"Төрт жылдан соң. Бұл жігіт маған жеке хабарламаға "Бешбармақ" деп жазып жүретін, ақыры онымен кездесіп, тағамның дәмін таттым!" - деп бөлісті ол.
Семен не дейді?
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
Біз алматылық 31 жастағы Семен Нимен тілдестік. Белгілі болғандай, Семен Альберттің контентін алты жылдан бері қарап келеді. Оған блогердің әлем елдерінің ұлттық тағамдарын дайындайтын видео форматы ерекше ұнаған.
Семеннің айтуынша, ол Альбертке 2022 жылдан бастап жауап күтпестен жаза бастаған. Бір кезде блогер оны бұғаттап тастаған шығар деп те ойлаған.
Семен мен Альберттің хат алмасуы және олардың Алматыдағы бірлескен суреті. Фото: Семен Ни
Жігіт блогердің Алматыға келгенін оның сторисінен білгенін айтты. Онда блогер оқырмандарынан қалада қай жерлерге баруға болатынын сұраған. Семен оған танымал монша кешенін ұсынған. Осыдан кейін Альберт ол Алматыда тұратынын біліп, өзі бронь жасап қойған мейрамханаға кездесуге шақырған.
Олар кездесуге бір күн қалғанда ғана байланысқа шыққандықтан, Семен Альбертті үйіне бешбармаққа шақырып үлгермеген.
Нидің айтуынша, Альберт өте мейірімді, қарапайым әрі араласуға жағымды адам болып шықты.
Блогер туралы не белгілі?Әлеуметтік желілерде Albert CanCook деген атпен танымал Альберт Няжвинский - америкалық шеф-аспаз және кулинарлық блогер, тегі беларусь. Ол тамақ туралы видеоларын ағылшын тілінде түсіреді.
Оның Instagram-дағы парақшасына 3,4 миллионға жуық адам, ал YouTube арнасына 29,3 миллионға жуық оқырман жазылған.
Айта кетейік, жақында Қазақстанға Ұлыбританиядан Мэтт Барлоу есімді турист келді. Ол Маңғыстау мен Алматыда болып, сапар кезінде не таңғалдырғанын айтып берді.
Тағы оқыңыз: “Маған ет беріңіз“. Шетелдік азамат Қазақстан несімен таңғалдырғанын айтты
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу