Төртінші мұнай өңдеу зауыты нақты салынады Тұтқышбаев

11.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері одан: «Төртінші мұнай зауытын салу 10 жылдан бері айтылып келеді. Әр министр келген сайын саламыз дегенімен әлі салынған жоқ. Бұл жолы нақты салына ма?», - деп сұрады

Сауалға жауап берген вице-министр зауыттың нақты салынатынын айтты.

- Біріншіден, бұл мұнай өңдеу зауыты тек мұнай ғана емес, мұнай-химия өңдеу зауыты болады. Зауыт мұнай мен химияны дамыту тұжырымдамамызға енді. Екіншіден, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің нақты тапсырмасы бар. Сондықтан осы жолы бұл құрылыс стратегиялық құжаттарымызға енгізілді. Құрылыс қолға алынып, Қазақстанда төртінші зауыт болады, - деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Осыған дейін төртінші мұнай өңдеу зауыты Ұлытау облысында салынуы мүмкін екені туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью