Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Таиланда Интерпол іздеуінде жүрген 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол алаяқтық бойынша және ақшаны жылыстатты деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметі бойынша мемлекетке келген шығын 560 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Tengri Travel жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Ер адам не үшін күдікке ілінді?
Таиландтық БАҚ мәліметінше, 3 қарашада полицейлер оны Пхукет аралындағы Патонг ауданында орналасқан жатақханалардың бірінде қолға түсірген.
Полиция қызметкерлері ер адамның тұрғылықты жерін анықтап, сол мекенжайға барған. Жатақхана қызметкері оларды күдіктінің бөлмесіне ертіп апарған. Есік ашылған кезде қазақстандық азамат жасырынуға тырысқан, бірақ полицейлер оны ұстаған.
Жергілікті БАҚ дерегінше, Қазақстанда ер адамға алаяқтық жасады және қылмыстық жолмен келген кірісті заңдастырды деген айып тағылып, іздеу жарияланған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Тергеу нұсқасы бойынша ол сыбайластарымен бірге құжаттарды қолдан жасап, 20-дан аса жалған компания құрған. Схемаға қатысушылар осы фирмалар арқылы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, салық төлеуден жалтарған.
БАҚ мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын 560,8 миллион теңге деп бағаланып отыр. Оған Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Виза мерзімін жарты жылға өткізіп алғанҰсталғаннан кейін полицейлер ер адам Таиландқа 2024 жылғы 4 наурызда келгенін анықтады. Оның елде болу мерзімі 2 мамырға дейін жарамды болған, алайда ол ел аумағында тағы 185 күннен аса уақыт заңсыз жүрген.
Жергілікті БАҚ-тың ақпараты бойынша ұстау кезінде ол Интерпол іздеуінде екенін растаған.
Полицейлер ер адамға көші-қон ережелерін бұзды деген айып тағып, оны тергеушілерге тапсырды.
Ол Қазақстанға қашан экстрадицияланатыны әзірге белгісіз.
Бұған дейін, 3 қазанда, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандық азамат экстрадицияланғаны белгілі болған еді. Ер адам 2021 жылдан бері тергеуден бой тасалап жүрген. Ол шетелде ұсталып, Интерпол мен Бас прокуратура Астанаға жеткізді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу