Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов ҚР жаңа бір палаталы Құрылтайына депутаттарды сайлау жөніндегі алғашқы сайлауда дауыс беруге қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дауыс беру күні тұтас ел аумағы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауда.
Айта кетейік, Қазақстанда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, 2 264 411 сайлаушы дауыс берді. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 17,96%-ын құрайды.