Төтенше жағдайлар вице министрі Батырбек Әбдішев қызметінен босатылды

06.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz министрліктің сайтына сілтеме жасап.

Батырбек Әбдішев 1977 жылы 19 маусымда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғары шекара командалық училищесін бітірген. Мемлекеттік наградалармен – "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

1995 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет етті. 2024 жылдың сәуір айында төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.

"ТЖМ-дегі қызметі барысында Батырбек Әбдішев азаматтық қорғау жүйесін дамытуға, атап айтқанда, ТЖМ мемлекеттік қызметтерін цифрландыру, ведомствоның IT-жүйелері мен платформаларын Smart Data Ukimet талдау платформасымен интеграциялау, ТЖМ, оның комитеттері мен жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін реинжинирингтеу және цифрландыру жұмыстарын жетілдіруге елеулі үлес қосты", - делінген таратылған хабарламада.

Еске сала кетейік: 3 қыркүйекте Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі болып Мұрат Мұханов тағайындалды. Ол бұл лауазымда Алматы облысының әкімі болған Шыңғыс Әріновті алмастырды. Тағайындалғанға дейін Мұханов Төтенше жағдайлар министрлігінің аппаратын басқарған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью