Төтеншеліктер жолда қалған шетелдіктерге көмек көрсетті

22.12.2025

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Қостанай облысы Қарасу ауданында, Қойбағар ауылынан 6 шақырым жерде орналасқан республикалық маңызы бар "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автомобиль жолында жолаушылар қиын жағдайға тап болған.

"Көлік техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалған. Құтқарушылардың күшімен көліктен үш адам, оның ішінде Қытай Халық Республикасының екі азаматы эвакуацияланды. Жолаушылар Қойбағар ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді",- делінген ақпаратта.

Ер адамдар жедел көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қостанай облысының ТЖД (@112qostanai)

Бұған дейін Алматыда полицейлердің синтетикалық есірткі тәркілегенін жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью