Тозған үйдің жайы толғандырады

07.02.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Шындығында қаланың шет ай­мақ­­тарындағы ахуал алаң­датарлық күйде тұр. Нақ­­тысы, қала аумағындағы Гагарин, Титов қыстағы және Тасбөгет кентіндегі тоз-тозы шық­­қан көпқабатты үйлерде тұрып жатқан қарашаның қарасы қалың. Әр күнінде ескі үйінің жыртығын жамап, түндерін қорқынышпен өткізіп жүрген жамағат базынасын талай мәрте жергілікті әкім­дікке жеткізгенімен, түбегейлі нә­тиже жоқ. Соның ішінде Тасбөгет кентіне қа­­рас­­ты Тасарық шағынауданындағы ахуал ондаған жылдан бері оң шешімін таппай тұр. 

Негізі Тасарықтағы тозған үйлердің ахуалын газет бетінде бұған дейін де көтердік. Нәтиже-сінде, бірнеше көп­қабатты үй апатты деп танылып, тұр­ғындары сол жағалаудан бой көтерген жаңа үйлерге көшірілді. Алайда сүрілуге тиіс бұл ескі үйлерді бұзудың орнына шатырын жаңалау сынды қарабайыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кезекті мұқтаж жандарға тұрғын үй есебінде беріліпті. Бұл жағдайға онсыз да өз үй­лерін әлі күнге дейін апатты деп таныта алмай әлек болып жүрген тұрғындар наразылығын білдіріп отыр. Сонда апатты деп танылып, сүруге жіберуге шешім қабылданған мұндай үйлердің әлі де болса кезекті мұқтаж отбасыларға пайдалануға берілуінің мақсаты қандай? Тасарық халқын осы сұрақ мазалайды.

«Жалпы, Тасарық шағынауда­нының үйлері шаршаңқы жағ­дайда тұр. Бұған дейін  апатты деп танылып, сүруге жіберуге шешім шығарылған бірнеше үй де бар. Бірақ бұрынғы тұрғындары жаңа үйге қоныстанғанымен, оған басқа адам­дарды көшіріп, әлі пайда­ла­нып отыр. Құжат бойынша сүруге жіберілуге тиіс үйлердің неге бұ­зыл­май тұрғанын түсінбей жүр­міз. Өзі­мізге келер болсақ, үйіміз­дің жағ­дайы өте мүшкіл күйге жетті. Қысы-жазы маса мен қанда­лаға та­ланып, өлместің күйін кешіп жүр­міз. Өйткені өжіре суға толы. Ал одан шыққан күлімсі иіс үйімізге та­рап, жайлы тұрмыс кешу мүлде мүмкін болмай қалды. Осы жа­­йын­да қаншама рет айтсақ та, әкім­­діктен қайран болар емес. Үйімізді апат­ты деп таныта алмай әлек бо­лып жүрміз», – дейді Та­са­рық тұр­ғыны Эльмира Байдәулетова. 

Тұрғылықты халықтың айтуынша, үйдің қазіргі күйі қауіпті. Жыл өткен сайын артқа қарай шалқалап, құ­­лау­­дың аз-ақ алдында тұрғанын алға тартады. Тіпті жөндеу жұмыстарын жүргізуге де жарамсыз күйде деп есеп­тейді. Соған қарамастан, халықтың жанай­қайы ескерусіз қалып тұр екен. 

«Көп жылдан бері Тасарық №9 үйдің тұрғынымын. Үйімізде тұру мүмкін емес. Уақыт өткен сайын жағдайы мүшкіл тар­тып барады. Өжіренің құбырлары түгел шіріген. Іргесі үгітіліп, үй бір жа­ғы­на қи­сайып тұр. Қас-қағым сәтте опыр­ылып, үйіндінің астында қаламыз ба деген қор­қыныш басым. Бұл үйде қаншама отбасы тұрады. Әр үйде мәпелеп отырған балалары бар. Осы балалары­мыз­дың қауіпсіздігіне алаңдаймыз. Ал­айда, қанша айтсақ та біздің талабы­мызды елеп, үйімізді апатты деп танытуға ниет білдірген жан әзірге қара көрсетер емес. Тіпті үйдің апатты жағдайда екенін білсе де, ешқандай шешім қабылданбай келеді. Енді кімге шағым­данарымызды білмей отыр­мыз», – дейді Гүлдәрі Қабыл­баева. 

Осы орайда Қызылорда қала­­сының әкімдігінің мәлімдеуінше, 2020 жылдан бас­тап Қызылорда қаласы бойынша 72 тұрғын үй белгілі мөлшерде өзінің бас­тапқы конструктивтік қатты­лығы мен төзімділігін жо­ғал­тып, апаттық деп тан­ыл­ған. Соған орай апат­ты үйлердің тұр­ғындары арнайы санат бойынша құ­жат­тарын тапсырып, осы бағыт бой­ын­ша тиісті жұмыстар жүргізі­ліп келе жатқанын жеткізіп отыр. 

«Меншік иелері «жалғыз тұр­ғын үйі Қазақстан Республика­сының заңна­масында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар» сана­тына (бұдан әрі – Санат) құжат тапсырған. Қазір аталған санат бойынша тұр­ғын үй алу кезегіне 577 отбасы тіркеуде тұр. 

Осындай санаттағы азаматтарға 2021 жылы Сол жағалау шағынауданында салынған көппәтерлі тұрғын үйлерден 93 отбасына және 2022 жылы 29 жел­тоқсанда 60 отбасына, 2023 жылы 16 наурыз­да №126 тұрғын үйден 40 от­ба­сына жаңа пәтерлер табысталды.

Сонымен қатар өткен 2025 жылдың 1 сәуірінде Титов тұрғын ауданынан 135 пәтерлік көппәтерлі тұрғын үй табыс­талып, 135 азамат тұрғын үй кезегінен шы­ғарылды. Жалпы, бұл бағыттағы жұ­мыстар рет-ретімен атқа­рылып кел­еді», – деп мәлімдеді Қызыл­орда қаласы әкімдігінен. 

Жалпы, жергілікті әкімдік тара­пынан қала аумағындағы апатты үйлерге қатысты мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып жатқанын мәлімдеп отыр. Алдағы уақытта да аталмыш түйткілдерге қатысты тиісті жұмыстар жалғаса­тынын жеткізді. 

Ал Тасарық тұрғындары талап­тары тасада қалып келе жатқанына наразы. Жыл сайын жағдайларын жергілікті әкімдікке жеткіз­генімен, еш қайран болар емес деп қынжылады. Әсіресе, Тасарық №9 үй тұрғындары артқа қарай шалқалап тұрған үйдің опырылып құла­мауына ешкім кепіл бола алмай­тынын алға тартады. Сондықтан да тұрғын үйді апатты деп танып, халықты жедел түрде қауіпсіз үйге көшіру қажет деген талап­тарын жеткізді.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, 

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью