Трактор тізгіндеген ана: Қарауылтөбедегі ерекше сайлау көрінісі

23.08.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер Дәмет Өтегенова жас кезінен еңбекке ерте араласып, тракторшы болып қызмет атқарған, –     деп хабарлайды Aikyn.kz

Еңбек жолында ауылдың қоғамдық өміріне де белсенді араласқан. Аудандық мәслихат депутаты болып, қоғамдық жұмыстың бел ортасында жүрді.

Қазір зейнетте болғанымен, еңбектен қол үзген жоқ. Малын өзі бағып, ауылдың күнделікті тірлігіне араласып жүр. Балаларын қанаттандырған, немере сүйіп отырған көпке үлгілі отбасының ұйытқысы.

Бүгін сайлау учаскесіне трактормен келуінің себебі де осы еңбек жолымен байланысты.

– Жастық шағымда трактор айдап, елдің қамы үшін еңбек еттім. Бүгін сол тракторға қайта отырып, сайлауға келдім. Бір жағынан жастық шағымды еске түсіріп, екінші жағынан кейінгі жастарға «еңбек етуден, ел ісіне араласудан ешқашан қашпаңдар» деген өзімнің кішкентай ғана өнегем болсын дедім. Әр адам елдің болашағы үшін таңдауын жасап, елмен бірге болсын. Отанымызға тыныштық, халқымызға амандық, әр отбасыға береке берсін. Еліміздің келешегі кемел болсын! – дейді тракторшы ана.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью