Трамп америкалықтарға 5 мың доллардан таратуға уәде берді

10.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АҚШ президенті Дональд Трамп сайлауда республикашылдар жеңіске жеткен жағдайда әрбір америкалыққа 5 мың доллардан төлеуге уәде берді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Техас штатының Даллас қаласында өткен республикашылдар съезінде сөйлеген сөзінде АҚШ президенті егер қарашада өтетін аралық сайлау қорытындысы бойынша республикашылдар Өкілдер палатасы мен Сенаттағы бақылауды сақтап қалса, әрбір ересек америкалыққа 5 мың доллар көлемінде төлем ұсынатынын мәлімдеді.

"Міне, менің уәдем: егер республикашылдар АҚШ-тың Өкілдер палатасы мен Сенатын сақтап қалса, біздің ғаламат экономикалық табысымыздың арқасында... мен Америка Құрама Штаттарының әрбір ересек азаматына 5 мың доллар көлемінде дивиденд төлеймін", - деді Трамп.

Трамп төлемдер табысты компаниялар өз инвесторларына төлейтін дивидендтер қиғадаты бойынша жұмыс істейтінін түсіндірді. Бұл ретте бір шарт бар: дивидендтерді АҚШ аумағында ғана пайдалануға болады.

"Біз сіздердің Канадаға барып, ақшаны сонда жұмсағандарыңызды қаламаймыз. Қытайға немесе Германияға барғандарыңызды қаламаймыз. Сіздер ақшаны Америка Құрама Штаттарында жұмсауға тиіссіздер", - деп атап өтті ол.

Жергілікті БАҚ АҚШ президенті мұндай төлемдер туралы бастаманы бұған дейін де көтергенін жазып жатыр. Былтыр Трамп 2 мың долларлық чектерді тарифтік түсімдер есебінен қаржыландыруды ұсынған болатын.

АҚШ-та мемлекеттік шығындар туралы шешімді Конгресс қабылдайды. Бұл ретте Далласта сөйлеген сөзінде президент өзі "Трамп дивидендтері" деп атаған төлемдерді мақұлдау үшін заң шығарушыларға жүгінуді жоспарлап отырғанын нақтыламады.

Алайда, мұндай төлемдердің АҚШ бюджетіне түсетін жалпы жүктемесі туралы мәселеден бөлек, президенттің соңғы ұсынысы заңнамалық сұрақтарды да туындатуы мүмкін. Федералдық заңдар дауыс беру нәтижелеріне әсер етуді көздейтін төлемдерге тыйым салады.

Трамптың өзі төлемдерге ақша қайдан алынатынын және бағдарлама нақты қалай жұмыс істейтінін түсіндірмеді.

Бұған дейін съезге аттанар алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы соғыс қарашада өтетін АҚШ конгресіне сайлаудан кейін аяқталатынын айтқан.

Тағы оқыңыз: “Ай біздікі“. Трамптың ғарышқа қатысты жоспарлары астарында не бар?

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью