Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі, 8 шілдеде Түркияның Анкара қаласында өтетін НАТО саммиті аясында Владимир Зеленскиймен кездеседі, деп хабарлады Ақ үй.
Америка көшбасшысының кестесіне сәйкес, Зеленскиймен кездесу сәрсенбі, 8 шілдеде сағат 14:30-да өтеді деп жоспарланған және бір сағатқа созылады.
Ақ үйдің мәліметінше, Трамп Сирияның уақытша президенті Ахмед әл-Шараамен сағат 15:30-да кездеседі.
Сонымен қатар АҚШ президенті сағат 16:15-те баспасөз мәслихатын өткізеді.
Бұған дейін Дональд Трамп Владимир Зеленскиймен "Үлкен жетіліктің" Франциядағы саммиті аясында кездескенін мәлімдеген болатын. Алайда АҚШ президенті ол кезде "қазір барлық назарымыз Иранға бұрылып тұр" деген пікір айтқан.