Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Президенттің айтуынша, Ұлттық астананы жоспарлау жөніндегі комиссия жобаны басым дауыспен қолдаған. Дауыс беру қорытындысы бойынша комииссияның 8 мүшесі жобаны мақұлдап, біреуі қарсы дауыс берген. Трамп сенатор Рэнд Полдың да жобаны қолдап дауыс бергенін ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы бұл бастаманы Ақ үй тарихындағы көптен күткен жобалардың бірі деп бағалады.
– 150 жылдан астам уақыт бойы АҚШ президенттері ресми қабылдаулар, мемлекеттік сапарлар және қазіргі кезеңдегі ұлықтау рәсімдерін өткізуге арналған кең салтанат залы болғанын армандап келді. Бұл көптен күткен жобаны іске қосқан алғашқы президент болу – мен үшін үлкен мәртебе, – деп жазды АҚШ президенті.
Трамп құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде және жоспарланған бюджет шеңберінде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ жаңа нысан толық аяқталған соң әлемдегі ең үлкен әрі ең көркем салтанат залдарының біріне айналып, Ақ үйдің тарихи келбетін толықтыра түсетінін айтты.
Айта кетейік, Вашингтонда Ақ үй қонақтары үшін жерасты қауіпсіздік бекеті салынатынын жаздық.