24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АҚШ әскері Иранды қоршап тұр. Мұны Америка президенті Дональд Трамп Аксиос порталына берген сұхбатында мәлім етті.
Оның айтуына қарағанда, Таяу Шығысқа орналастырылған әскер саны Венесуэладағыдан әлдеқайда көп. Десе де, Ақ үй басшысы: «Иран билігі телефон арқылы бірнеше рет хабарласты. Олар келіссөз жүргізуге дайын» екенін жеткізді. Бұл арада АҚШ әскері де қарап жатқан жоқ. Үнді мұхитында үрейге үрей қосып ірі жаттығу өткізді. Қазір аймаққа ұшақ тасушы Abraham Lincoln бастаған кемелер тобы орналасқан. Алайда Иран билігі де ығатын емес. Елдің Сыртқы істер министрлігі қатқыл мәлімдеме жасады. Олар: «АҚШ әскеріне тойтарыс беруге дайынбыз», - дейді.