Трамп: АҚШ Еуропадағы әскер санын қысқартпақ

10.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

- Жоқ әрине, бірақ біз олардың орналасу жүйесін өзгертуіміз мүмкін, - деді Трамп Еуропада АҚШ әскерінің қысқартылуына қатысты сауалға жауап бере отырып.

-Еуропада біздің әскеріміздің өте көп екенін білесіздер, сол себепті біз олардың орналасқан жерін өзгертуіміз мүмкін,-деп қосты ол.

Өз кезегінде осы кездесуге қатысып отырған АҚШ-тың әскери министрі Пит Хегсет Еуропа елдерінің әскер шығынан 2035 жылы ішкі жалпы өнімнің 5 пайызына дейін жеткізу талабы АҚШ Еуропаны НАТО-да қалдырып бара жатыр дегенді білдірмейтінін жеткізді.

-Алайда біз әскеріміздің қайда орналасқанын қарап, АҚШ пен біздің НАТО-дағы одақтастарымыз үшін олардың қалай тұрғаны тиімді екенін саралауымызға болады,-деді ол.

2025 жылдың маусымында Гаагада өткен НАТО саммитінде Еуропа елдерінің әскери шығындарын 2035 жылы ішкі жалпы өнімнің 5 пайызына дейін жеткізу туралы шешім қабылданған. Бұл ретте қаржының 3,5 пайызы тікелей қорғаныс саласына жұмсалатын болса, қалған 1,5 пайызы әскери әрекет кезінде қолданылатын инфрақұрылым нысандарын салуға шығындалмақ.

Осыған дейін АҚШ-тың есірткі картельдеріне соғыс жариялағаны туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью