Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО елдерін әрекетсіздікке айыптап, Вашингтонға альянстан ешқандай қолдау қажет емес екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі жазбасында айтты, деп хабарлайды АА.
Трамптың айтуынша, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдары кезінде НАТО мүшелері «ештеңе істемеген».
«АҚШ-қа НАТО бере алатын ештеңе қажет емес, бірақ біз бұл өте маңызды жағдайды ешқашан ұмытпаймыз», — деді ол.
Бұған дейін, 17 наурызда да Трамп АҚШ-тың НАТО көмегіне мұқтаж болмағанын жазып, Вашингтон «ірі әскери жетістікке жеткенін» атап өткен еді.
Бүгін, 18:36