Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АҚШ президенті Дональд Трамп Тынық немесе Атлант мұхитын "Трамп мұхиты" немесе "Америка мұхиты" деген атау беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, ол бұл туралы сенбіде, 10 қазанда Теннесси штатындағы Кларксвилл қаласында өткен сайлауалды митингте мәлімдеді.
"Бізге өзен керек, бізге мұхит керек", – деді Трамп.
Оның айтуынша, президенттік мерзімі аяқталғанға дейін картада жаңа атаулы мұхит пайда болуға тиіс.
Ол Мексика шығанағын Америка шығанағы деп өзгерту туралы шешімін тағы да еске салды.
Бұған дейін Америка көшбасшысы Ормуз бұғазын өз құрметіне атауды ұсынған болатын. Өткен айда Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісіндегі оқырмандарынан оны "Трамп бұғазы" деп қайта атаудың қажеті туралы пікірлерін сұраған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу