Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстан тыс мәселелерді де қамтитын және бүкіл Еуропаға әсер етуі мүмкін ауқымды бейбіт келісім дайындалып жатқанын мәлімдеді.
"Біз Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриевпен нақты не талқылағанымызды айта алмаймын. Дегенмен бір нәрсені айтайын: Украина бойынша келісім жасалады. Бұл ауқымды келісім болады және ол тек Украинамен ғана шектелмейді. Ол өте ауқымды болмақ. Ол тек Украинаға ғана қатысты болмайды, тіпті бүкіл Еуропаны қамтуы мүмкін деп айтар едім. Бұл үлкен әрі тамаша келісім болады, оған барлығы риза болады", – деп атап өтті Трамп.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина қатығысты тоқтату туралы келісімге келуге жақындағанын мәлімдеген болатын.
10-11 қараша күндері Әбу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина арасында үшжақты келіссөз өтеді.