Трамп Гарвардтан 1 млрд доллар көлемінде өтемақы талап етеді

03.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұл жаңалық New York Times газеті АҚШ президент әкімшілігінің университетпен келіссөз кезінде 200 млн доллар төлеу талабынан бас тартуға мәжбүр болғаны туралы хабарлағаннан кейін шықты.

Дүйсенбі күні кешке Трамп бұл оқиға туралы Truth Social-дағы жазбасында еске салып, Гарвардты «The New York Times газетіне мәні жоқ материалдарды бріп жатыр» деп айыптады.

- Өзінің антисемиттік көзқарасымен танымал Гарвард университеті осы күні құрып бітуге айналған The New York Times басылымына не болса соны шығаратын болған. Гарвард біраздан бері өзіне лайықсыз әрекеттерге барып жүр. Олар кәсіби дайындықтың күрделі тұжырымдамасын енгізбек болды, алайда оны талапқа сай емес деп қарсы шықты, ал біздің көзқарасымызша бұл жүйе тиімсіз. Бұл бар болғаны 500 млн долларлық ірі өтемақы төлеуден жалтару. Шындап келгенде бұл сома олардың осы уақытқа дейін істеп келген заңсыз әрекеттері үшін әлдеқайда көп болуы керек еді. Бұл азаматтық емес, қылмыстық іс болуы керек. Гарвардқа бұған төзу керек болады. Қалай болған күнде де бұл іс әділеттілік орнағанша жалғасатын болады, -деп жазды Ақ үйдің басшысы.

Трамп әкімшілігінің өкілдері Гарвардты Палестинаны қолдайтын наразылықтар кезінде антисемитизмге қарсы шараларды тиісті түрде қабылдамағаны үшін айыптап отыр. Алайда университет бұл айыптауды жоққа шығарды.

Гарвард университеті Ақ үйдің америкалық университеттерде «прогрессивті» және «радикалды солшыл» идеологияларды жою науқанының негізгі нысаналарының біріне айналды, деп жазды BBC.

Өткен жылдың сәуірінде Трамп Гарвард университетіне бөлінген зерттеу гранттарының шамамен 2 млрд долларын қайтарып алып, федералды қаржыландыруды тоқтатты.

Университет бұл қадам үшін Трамп әкімшілігін сотқа беріп, ешбір үкімет «жекеменшік университеттерде не оқыта алатынын, кімді қабылдап, жұмысқа ала алатынын немесе қандай зерттеу салаларын зерттей алатынын белгілемеуі керек» деп мәлімдеді.

Кейін АҚШ федералды соты президент Дональд Трамп әкімшілігінің Гарвард университетін федералды зерттеу гранттарынан айыру туралы шешімін жойды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью