Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны сатып алу жоспарын қызу талқылап жатыр.
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді. Ол Трамптың аралды күшпен басып алуға да дайын екенін жоққа шығармады. Бұған дейін Ақ үй басшысы Гренландияны АҚШ-қа қосу қажеттігі туралы бірнеше рет мәлімдеме жасаған еді. Ол аралдың Вашингтонға ұлттық қорғаныс мақсаттары үшін қажет екенін алға тартты. Ал ресми Копенгаген Гренландия Дания корольдігінің ажырамас бөлігі екенін және ешқашан Америка Құрама Штаттарының құрамына кірмейтінін бірнеше рет атап өткен.