Трамп ХАМАС ты толық қарусыздандыру туралы тарихи келісімге қол жеткізілгенін жариялады

31.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбіде, 20 шілдеде, радикальды исламшыл ХАМАС қозғалысын толық қарусыздандыру туралы "тарихи келісімге" қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін Бейбітшілік кеңесі ХАМАС-ты және Газадағы барлық басқа қарулы топты толық қарусыздандыру туралы тарихи келісімге келді. Бұл - баянды бейбітшілік пен қауіпсіздікке жасалған орасан зор қадам", - деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде.

Ол мұны Газа секторында жаңа палестиналық үкімет құру жолындағы маңызды қадам деп атады. АҚШ президенті Мысыр, Қатар және Түркиядан келген делдалдарға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Трамптың айтуынша, ХАМАС пен оған одақтас палестиналық топтарды қарусыздандыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы тиіс.

ХАМАС келіссөздер делегациясының мүшесі Гази Хамад Al Jazeera газетіне берген сұхбатында егер Израиль өз міндеттемелерін орындамаса, қозғалыс келісімнің ешбір бөлігін жүзеге асырмайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, қарусыздандыру мәселесі Израиль әскерінің Газадан шығарылуына және Палестина аумағын қалпына келтірудегі ілгерілеушілікке байланысты болмақ.

Жол картасы қару-жарақты тапсырумен қатар, Израиль күштерін өздері бақылап отырған Газа секторындағы аудандардан біртіндеп шығаруды қарастырады.

ХАМАС-тың жоғары лауазымды өкілдері AFP агенттігіне АҚШ-пен келісімге қол жеткізілгенін растады. Ал Израиль тарапы әзірге бұл мәселеге қатысты түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін Тель-Авив ХАМАС-тың қарусыздануын жағдайды одан әрі тұрақтандырудың міндетті шарты ретінде талап еткен болатын.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью