Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: BILD
Оның айтуынша, бұл жұмыстар таудың астында орналасқан құпия әрі қатаң күзетілетін кешенде жүргізіліп жатуы ықтимал.
«Біз Кирка тауын спутниктер арқылы мұқият бақылап отырмыз. Бұл – ауқымды соққы жасалуы мүмкін нысандардың бірі. Ол біздің тізімде бар. Жақын арада бұл тауды талқандауымыз мүмкін», деді Трамп.
Кирка тауы Иранның Натанз қаласындағы ядролық нысанның оңтүстігінде орналасқан. Тегеран онда көп жылдан бері өзінің атом бағдарламасын жүзеге асырып келеді. 2020 жылы жарылыс пен өрт салдарынан ондағы маңызды монтаждау цехы күлге айналғаннан кейін, Иран Кирка тауының астынан жаңа нысанның құрылысын бастаған.
Ормұз бұғазындағы кемелерден ақы алу: БҰҰ Трамптың бастамасына қарсы шықты
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) құрылыс жүріп жатқанын растағанымен, оның инспекторларына бұл кешенді әлі күнге дейін тексеруге рұқсат берілмеген. Сондықтан онда нақты қандай жұмыстар атқарылып жатқаны белгісіз.
2021 жылы Иранның атом саласының сол кездегі басшысы Әли Акбар Салехи жарылыстан қираған цехтың орнына жаңасы салынғанын және Натанз маңындағы таулардың ішінде қосымша өндірістік нысандардың құрылысы жалғасып жатқанын мәлімдеген еді.
Спутниктік суреттерде бірнеше туннельдің кіреберісі, жаңа жолдар және ауқымды қорғаныс құрылыстары байқалады. Сарапшылардың болжамынша, бұл жерде уранды байытуға арналған центрифугалар өндіріліп немесе құрастырылып жатқан болуы мүмкін. Мұндай жабдық ядролық қару жасау үшін қажет.
Мен үшін бітім аяқталды: Трамп Иранмен келіссөздерді тоқтататынын мәлімдеді
АҚШ үшін негізгі мәселе – бұл кешеннің таудың өте терең қабатында орналасуы. Сарапшылардың бағалауынша, оның үстін 80-100 метр қалыңдықтағы жартас жауып тұр. Сондықтан ең қуатты бункерге қарсы бомбалардың өзі бұл нысанды жоя алмауы мүмкін.
Вашингтонның таудың астындағы кешенді толықтай жоюға қауқарлы екені әзірге белгісіз. Дегенмен АҚШ мұндай әрекетке GBU-57 бункерге қарсы аса қуатты бомбасын қолдануы мүмкін. Бұл қаруды B-2 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары тасымалдайды. АҚШ өткен жылы Иранның ядролық нысандарына жасалған «он екі күндік соғыс» кезінде дәл осы қаруды пайдаланған болатын.