Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Мен ұзақ жолды таңдап, бәрін толық бақылауға ала аламын немесе екі-үш күнде аяқтап, ирандықтарға «Егер бірнеше жылдан кейін ядролық бағдарламаңызды қайта жандандыра бастасаңыздар, қайта кездесеміз» деп айта аламын, — деді ол.
Трамп Ирандағы операцияға «жасыл жарық» бергенін, себебі ядролық келіссөздерде ілгерілеу болмағанын атап өтті.
— Ирандықтар келісімге бір жақындап, кейін қайта шегініп отырды, жақындап, шегінді. Осыдан олардың шын мәнінде келісім жасағысы келмейтінін түсіндім, — деді АҚШ президенті.
Еске салайық, бұған дейін Израиль Иранға соққы жасаған. Кейін Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери операцияның басталғанын жариялаған.
Иран Израильдің солтүстік және орталық аймақтарына зымырандар атқан.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының Қызыл Жарты Айға сілтеме жасауынша, Иранда 201 адам қаза тауып, 747 адам жараланған.