Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АҚШ-ИзраильИран арасындағы шиеленіс 28 ақпаннан бері жалғасып, жақын арада тоқтайтын түрі жоқ. Usbanov ARNASY Telegram арнасының жазуынша, сарапшылар жағдай ушығып, ірі әскери қақтығысқа ұласуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Осы ретте Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеме жасап, Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияны жалғастыру шығындарын араб елдеріне жүктеу идеясын қарастырып жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл бағытта нақты шешім әлі қабылданбағанымен, ұсыныс Трамптың қызығушылығын тудырған.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ-ты Иранға қарсы әрекетті күшейтуге шақырып отыр. Ол бұл қақтығысты Таяу Шығысты қайта құрудың тарихи мүмкіндігі ретінде бағалайды.
The New York Times дерегінше, Бен Салман Иранды Парсы шығанағы елдеріне төнген басты қауіп деп атап, мәселені түбегейлі шешу үшін билікті өзгерту қажет деген ұстаным білдірген.
Сонымен қатар, бұған дейін Оман ақпарат құралдары Трамптың Парсы шығанағы елдеріне екі түрлі қаржылық ұсыныс жасағанын хабарлаған. Біріншісі – соғысты жалғастыру құны шамамен 5 триллион доллар болса, екіншісі – қақтығысты тоқтату үшін 2,5 триллион доллар қажет екені айтылған.
Ал The Washington Post мәліметінше, Пентагон Конгрестен Ирандағы операцияны жалғастыру үшін 200 миллиард доллардан астам қаржы сұраған. Бұл қаражаттың бір бөлігі әскери ресурстарды толықтыру мен қару-жарақ өндірісін жедел арттыруға бағытталмақ.