Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
CBS News телеарнасының дерегінше, АҚШ президенті Дональд Трамп ұлттық қауіпсіздік жүйесінің жоғары лауазымды тұлғаларынан Иранға шабуыл жасауға әскери дайындық туралы хабар алды. Бұл шабуыл алдағы сенбі күні жүзеге асырылуы мүмкін.
Дереккөздердің айтуынша, Ақ үйдегі талқылаулар «динамикалық және жалғасып жатқан» сипатта. Трамп шабуылға рұқсат беретін соңғы шешімді әлі қабылдаған жоқ. Алайда операцияның нақты уақыты жақын күндерден кейінге қалдырылуы мүмкін, себебі әкімшілік эскалация тәуекелін, сондай-ақ соғыс немесе шабуылдан бас тарту саяси және әскери салдарын бағалап отыр.
Пентагон алдағы үш күн ішінде Иран тарапынан мүмкін жауапты ескере отырып, Батыс Азиядағы кейбір персоналды уақытша Еуропа немесе АҚШ территориясына шығаруды жоспарлап отыр. Алайда бұл әрекет әлеуетті әскери әрекет алдында стандартты тәжірибе болып табылады және шабуылдың міндеттілігін білдірмейді.
Сәрсенбі күні Ақ үйдің Ситуациялық бөлмесінде Иран мәселесі талқыланды. АҚШ ресми тұлғаларының мәліметі бойынша, наурыздың ортасына дейін аймаққа бағытталған барлық әскери күш толық орналастырылуы тиіс.
Аумағында қазір USS Abraham Lincoln ұшақтасығаш тобы бар. Екінші ұшақтасығыш USS Gerald R.Ford Батыс Азияға бағытталған және қазіргі уақытта Африканың батыс жағалауында орналасқан, деп хабарлайды теңізді бақылау қызметтері.
Ақ үй баспасөз хатшысы Каролин Ливитт Иранға соққы беруге «көптеген аргумент» бар екенін айтты, бірақ дипломатия президент үшін басты приоритет болып қала береді деп атап өтті.
Сонымен қатар әкімшілік маусымдағы Иранның ядролық объектілеріне қарсы операцияны сәтті деп бағалайды.
Сонымен бірге, Тегеран мен Вашингтон арасында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жанама келіссөздер жалғасып жатыр. АҚШ тарапынан белгілі болғандай, белгілі бір прогресс бар, бірақ кейбір негізгі мәселелер бойынша келіспеушіліктер сақталып отыр.
Ал Иранның жоғары жетекшісі Али Хаменеи әлеуметтік желілерде «Джеральд Форд» ұшақтасығыштың теңіз түбінде бейнесін жариялап, әскери кемеден қауіптісі оны түбіне жіберетін қару екенін айтты.
A weapon more dangerous than a warship pic.twitter.com/EzmvUt7Hjp
— Khamenei Media (@Khamenei_m) February 17, 2026
Иран билігі сонымен қатар пилоттарға жоспарланған жаттығулар мен зымыран сынақтарына байланысты елдің оңтүстік аймақтарынан аулақ болуды ескертті.
19 ақпанда басталған «Қауіпсіздік теңіз белдеуі» атты Ресей, Қытай және Иран бірлескен әскери-теңіз жаттығулары Орзмуз бұғазында жарияланды.
Айта кетелік Женевада АҚШ пен Иран арасындағы ядролық келіссөздердің екінші раунды аяқталды.