Трамп Иранмен арадағы бітімнің аяқталғанын мәлімдеді

08.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы атысты тоқтату режимінің аяқталғанын мәлімдеді.

Анкарадағы альянс саммиті алдында НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бірлескен мәлімдемесінде АҚШ президенті Иранмен атысты тоқтату келісімі енді өзі үшін күшін жойғанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен Иранмен бұдан былай істес болғым келмейді", - деді Трамп.

Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Трамп Иран басшылығын да сынға алды.

"Олар - өтірікшілер. Біз келісім жасаймыз. Бәрі келіседі. Ешқандай ядролық қару болмайды. Біз келісім жасаймыз. Кейін олар баспасөзге шығып, біз бұл туралы тіпті сөйлескен де жоқпыз дейді. Оларда бір шикілік бар", - деді ол.

АҚШ тағы шабуыл жасады

8 шілде күні таңертен Американың қарулы күштері Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясына соққы жасады. Жергілікті қауіпсіздік бөлімнің басшылығы бір адамның қаза тапқанын хабарлады. Бұдан бөлек, екі адам жарақат алды.

АҚШ Қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл шабуылға Иран Ормуз бұғазы арқылы өткен коммерциялық кемелерге жасаған соққылары себеп болды.

Ислам революциясы сақшыларының корпусы өз кезегінде Американың Кувейт пен Бахрейнде орналасқан нысандарына соққы жасады. Иранның сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың екі жақты түсіністік туралы меморандумды бұзғанын мәлімдеді. WSJ мәліметіне сәйкес, АҚШ келіссөздерді жалғастыруға мүдделі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью