Трамп: Иранмен келісімнің жағдайы 10 күн ішінде анықталады

20.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

— Бәлкім, біз әрі қарай қадам жасауға мәжбүр боламыз, бәлкім, оның қажеті болмас, — деді ол Вашингтондағы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында

Ол осыған қатысты жағдайдың «10 күн ішінде айқындалуы мүмкін» екенін айтты.

Трамп өз дипломаттарының Иран өкілдерімен сенімді жұмыс байланыстарын орнатқанын және келіссөздердің жақсы жүріп жатқанын айтты.

— Қазір Иранға айрықша назар аударылып отыр. Олар кездесіп тұрады, Иран өкілдерімен қарым-қатынасы жақсы. Келіссөздер жақсы жүріп жатыр, — деп қосты ол.

Сонымен қатар, Трамп Тегеранмен «маңызды келісімге» қол жеткізу тарихи тұрғыдан қиын екенін мойындады.

— Көптеген жыл бойы Иранмен маңызды келісімге қол жеткізу оңай еместігі дәлелденді. Дегенмен, біз маңызды келісімге қол жеткізуіміз керек. Әйтпесе, жағымсыз жағдайлар орын алады,— деп қорытындылады АҚШ президенті.

Бұдан бұрын Трамп Иранға шабуылды сенбі күні мақұлдауы мүмкін екенін айтылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью